Омбудсмен

Елдегі адам құқығы сақталуын қадағалайтын адам. 




Омбудсмен — ежелгі скандинавиялық сөз, «өкілет»«аманат» дегенді білдіреді. Ол алғаш рет Швецияда ХІХ ғасырда пайда болды. Бірақ омбудсменді әр елде әр түрлі атайды. Қазақстанда ол — адам құқықтары жөніндегі уәкіл. Лауазым 2002 жылдан бері бар.  


Омбудсменнің өкілеті мен мәртебесі де әр түрлі болады. Қазақстанда оның өкілеті мынадай: 


— адамдардың құқығы бұзылғаны жөніндегі арыз-шағымын қабылдау;


— азаматтардың құқығын бұзған шенеуніктер мен органдарға кеңес беру, олардан ресми жауап беруін талап ету;


— арыз-шағымдарды қарап, солар бойынша Мәжіліс пен Сенатқа парламент тыңдауын өткізуді ұсыну;


— мемлекеттік органдарға адам құқығын бұзған лауазымды адамның үстінен тәртіптік/әкімшілік/қылмыстық іс қозғауын өтіну.


01/09/2020 13:54 4874 0

01/09/2020
13:54 4874 0

Поделиться

Нет комментариев.

Уведомление